Алматы – Бішкек тас жолында емізулі бала табылды
Еріктілер 2025 жылы 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданынан табылған белгісіз кішкентай қыздың анасын немесе өзге де туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хабарлама Lider.kz Instagram парақшасында жарияланды.
Еріктілердің мәліметінше, сәбиді 2025 жылы 24 қазанда күндіз Алматы – Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Олар мұны бірден полицияға хабарлаған.
Болжам бойынша, қыз бала шамамен 7-8 айлық болған. Үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон, басында қызғылт түсті баскиім болған.

Еріктілер баланың туыстары туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтарды телефон арқылы байланысуға, Instagram-дағы direct-ке жазуға немесе 102 нөміріне хабарласуға шақырды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар