Қарағанды облысының полициясы тас жолда көліктерді тегін тексеріп, жөндеп жатыр

Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірінде полиция қызметкерлері көшпелі шина жөндеу қызметімен бірлесіп, көліктерді тоқтатып, шиналардың қысымы мен техникалық жағдайын тегін тексеріп жатыр. Егер қандай да бір ақау анықталса сол жерде жөндеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыға жолға шыққан жүргізушілердің бірінің көлігін тексеру кезінде дөңгелектердегі ауа қысымы қалыпты деңгейден әлдеқайда жоғары екені анықталды. Жаздың аптап ыстығында мұндай жағдайда шиналар қатты қызып, көлік қозғалысы кезінде қысымы түсіп кетуі мүмкін еді. Мамандар ауа қысымын қауіпсіз деңгейге дейін төмендетті.
ОқыңызОсы жылдың алғашқы алты айында Қарағанды облысының патрульдік полиция батальоны қызмет көрсететін республикалық маңызы бар автожолдарда 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның екеуі шиналардың тозуы мен дөңгелектердің қысымы жоғалуынан болған.
“Жүргізушінің шаршауы, рөлде отырып ұйықтап кетуі, жылдамдықты шамадан тыс асыру және қарсы қозғалыс жолағына шығуы – жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері”, – дейді полиция.
Бұл "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылған бір реттік алдын алу акциясы болды. Яғни, бұл тұрақты түрде жұмыс істейтін тегін шина жөндеу қызметі емес.
Бұған дейін Маңғыстау облысында шенеуніктер қызметтік көліктерін жөндеуге 136 миллион теңге жұмсайтыны туралы жазған едік.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді