15 жастағы қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
Колумбияның Кали қаласында жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық Нұржан Жұмабай 88 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жастағы ауыр атлет жалпы есепте 348 келі көтерді. Ол жұлқа көтеруде 155 келі, серпе көтеруде 193 келі көтерді.
Жұмабай серпе көтеруде өз жасындағы спортшылар арасында 193 келі көтеріп, әлемдік рекорд орнатты.
Испаниялық Эрик Гуадамуд Пико жалпы 344 келі көтеріп, күміс медаль жеңіп алды. Мексикалық Хосе Орландо Мантилья жалпы 335 келі көтеріп, қола медаль жеңіп алды.
Айта кету керек, бұл – қазақстандықтың алғашқы әлем чемпионаты.
Еске сала кетейік, Нұржан Жұмабай 79 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы 17 жасқа дейінгі Азия чемпионы атанды. Турнирде ол жалпы есепте 315 келі көтеріп, серпе көтеруде Азия рекордын орнатып, 175 келі көтерді.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы