Әйелін сабады деп айыпталған боксшы жұбайымен бірге бейнеүндеу жасады

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы отбасылық жанжалға қатысты қылмыстық іс төңірегінде жағдайдан кейін бірге бейнеүндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы отбасылық жанжал болағанын жасырмады. Алайда ерлі-зайыптылар болған жағдайды талқылап, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдаған.
"Біз бұл үндеуді бірге жазуды жөн көрдік. Себебі отбасымызға қатысты көптеген қауесет пен түрлі пікірлер тарады. Иә, арамызда отбасылық жанжал болды. Екеуіміз де қорытынды жасап, сөйлестік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік. Біздің шешіміміз бен жеке өмірімізге деген құқығымызды құрметтеулеріңізді сұраймыз", – деді Жүсіпов.
Боксшының жұбайы өз кезегінде арызын қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты.
"Арызды қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру туралы шешімді өз еркіммен қабылдадым, ешқандай қысым болған жоқ. Пабликтерден, блогерлерден және БАҚ өкілдерінен отбасымыз туралы ақпарат таратуды тоқтатып, жарияланымдарды өшіруді сұраймыз. Жеке өмірімізді құрметтеп, отбасымызға әрі қарай тыныш өмір сүруге мүмкіндік берулеріңізді өтінеміз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет", – деді боксшының жұбайы.
Еске салайық, бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы ауыр халде ауруханаға түскеннен кейін оның сіңлісі әлеуметтік желіде жазба жариялап, спортшының әпкесін ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып келгенін айтып, айыптады.
"Медициналық құжаттарда асфиксия, бастың ашық жарақаты, құрысу және бас миының ісінуі тіркелген. Ол ауруханаға ес-түссіз түсті", – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол тергеудің әділ өтуіне алаңдаушылық білдіріп, спортшы ұсталғаннан кейін шамамен бес сағаттан соң босатылғанын мәлімдеді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Оқыңыз