AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Ресеймен жасалуы мүмкін бейбіт келісімді сипаттады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісім екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты. Бұлар – Украинаның қауіпсіздік кепілдігі мен Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зеленский

"Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек", – деп келтіреді Strana.ua порталы Зеленскийдің сөзін.

Зеленский Ресейдің осы мәселелердің барлығы қамтылған бір құжатта болғанын қалайтынын айтты.

“Алайда қазір Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру бір мәселе болса, Ресеймен келісімге келу – бөлек мәселе”, – деді Зеленский.

Зеленский сондай-ақ Мариупольдегі украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.

Ресейлік және украиналық делегациялар келіссөздердің бірнеше кезеңін өткізіп, соңғы бетпе-бет кездесу 29 наурызда Ыстамбұлда өткен болатын. Онда Киев Мәскеуге жағдайды реттеу бойынша жазбаша ұсыныстар берді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр