Зеленский Ресейді жаңа келіссөзге шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский 8 наурызда бейнеүндеу жасап, Ресейді жаңа келіссөзге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Соғысты аяқтап, келіссөз жүргізу керек, бірақ әділ адамдармен", – деді Зеленский.
Ресей мен Украина бұған дейін үш рет келіссөз өткізген. Тек екінші келіссөзде ғана тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға келісіп, тұрғындарды эвакуациялауға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізуге жол ашылған.
Ал 7 наурызда Беларусь жерінде үш сағатқа созылған үшінші келіссөз аяқталды. Сондай-ақ Ресей-Украина делегациялары тағы да кездесуге келіскен.
Айта кетейік, бұған дейін Зеленский НАТО-ны сынға алып, Украинадағы адамдардың өліміне батыс елдерін айыптаған еді.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"