Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Путинмен келіссөз бастау үшін негізгі шарттарды атады

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters пен CNN арналарына сұхбат беріп, Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты және бұл үшін негізгі алғышарттарды да атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зеленский

Сұхбаттың толық нұсқасын Зеленский өз Facebook парақшасында жариялады.

"Барлық әлем Ресей Федерациясының президентін келіссөзге шақыру керек екенін түсінеді және бұған мен де дайынмын", – деді Зеленский. 

Сондай-ақ Украина президенті Ресеймен келіссөз бастау үшін негізгі шарттарын айтты. 

"Тым болмағанда бомбалауды тоқтату керек, тек осыдан кейін ғана келіссөзді бастаймыз", – деп қосты ол. 

Зеленскийдің айтуынша, украиналықтар өмірінің соңына дейін айқасуға дайын. 



"Себебі біз өз үйіміздеміз. Балаларымызды, үйімізді қорғаймыз. Сонымен қатар балаларымыздың болашағы үшін барлығын қорғауымыз керек", –  дейді Зеленский. 

Украина басшысы НАТО мемлекеттерін әскери ұйымға қабылдау бойынша нақты жауап беруге шақырды. Егер ұйым мұндай қадамға дайын болмаса, НАТО Украинаның қауіпсіздігі, шекарасы мен аумағының бүтіндігіне заңдық негізде кепіл беруі керек деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Зеленский Украинаның ірі қалалары қоршауда қалғанын мәлімдеген еді. Бұл туралы ол Еуропарламентке жолдаған бейнеүндеуінде айтқан. 

Талқылау