Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшеге шығып, Украинаны қолдаңыздар": Зеленский Еуропа халқына үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа тұрғындарына үндеу жолдап, көшеге шығып, Украинаны қолдауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зеленский

"Еуропа тұрғындары, үнсіз қалмаңыздар, көшеге шығып, Украинаға қолдау көрсетіңіздер", – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол үндеуді тыңдаған халықты қала орталығына жиналып, Ресеймен соғыста қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды. 

Зеленскийдің сөзінше, қазір барша Украина тұрғындары өз жерін қорғауда. Әр адам жеңіске үлесін қосып жатыр. 



"Бүгін біз елімізді қорғап жатырмыз. Әр қайсысы тиісті орынында: әскерилер автомат ұстап, алдыңғы шепте тұр, дәрігерлер скальпельмен ауруханада, ал балалар бізді күлкілерімен қорғап жатыр. Бұл бізді жігерлендіреді", - деді ол.

Мемлекет басшысы Еуропаны украиналықтар секілді бекем болуға шақырды. 

"Мен халқымызға, сіздерге сенемін. Егер жеңсек, бұл демократия мен еркіндіктің үлкен жеңісіне айналады. Сол кезде бір минуттық үнсіздік жылдар бойы өзіміздің шешім қабылдай алуымызға жол ашпақ. Еуропа Украина халқы секілді берік болады", – деп қосты Зеленский.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский НАТО-ны қатаң сынға алған еді. Ол НАТО ұсынған жанармайдың украиналықтардың төгілген қанын өтей алмайтынын айтқан. 

Талқылау