Қазақстандықтар жасаған құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі үш жылға дейін ұлғаяды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі ілеспе түзетулер арқылы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі белгіленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғаяды.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъективті құрамы кеңейіп жатыр. Енді оған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары енгізілді.
Заң бойынша, мемлекеттік қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға пара бергені үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтіледі.
ОқыңызБұдан бөлек, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты құқық бұзушылық бойынша субъектілік құрам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі шараларды қабылдамауға байланысты құқық бұзушылық құрамы нақтыланады.
Бұған дейін Алматы полициясы 11 күннен кейін келген айыппұлдарды да төлеу керегін ескерткен еді.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған