Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жануарларға қатігездік көрсеткені бас бостандығынан айыру жазасы енгізілмек

жануарлар заң
Фото: magnific.com

Депутаттар бастамашы болған заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осыған орай Президент тапсырмасын орындау үшін жануарларға қатігездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатта жануарлардың денесіне қасақана жарақат салу, қинау немесе олардың өліміне әкеп соқтыру үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі істің ауырлығына байланысты бірнеше есеге артады.

Мұндай жағдай қайталанса немесе ауыр құқық бұзушылықтар болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады. Жаза ретінде 2000 АЕК, яғни 8 миллион 650 000 теңгеге дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған.

Ауырлататын жағдайлар болса үш жылға дейінгі мерзімге бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін. Бұдан бөлек, құқық бұзушылық құралдары тәркіленіп немес болашақта жануар асырау құқығынан айырылады. 

 Сонымен бірге профилактикалыұ жұмыстар да күшейтіледі. Атап айтқанда, балаларға тәрбие беру, ағарту жұмыстары және табиғатқа ізгілікпен қарауды қалыптастыру шаралары жүргізіледі.

Бұған дейін Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарағандарға жаңа айыппұл мөлшерлері енгізілетіні туралы жазған едік. 

Сенат кулуарында вице-министр бұл бағытта Әкімшілік кодекстің 407-1-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша айыппұлдар айтарлықтай өсетінін айтты.

Егер қылмыстық құрам болмаса, жеке тұлғалар үшін айыппұл 5-тен 30 АЕК-ке дейін, лауазымды тұлғалар үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін көбейеді. Қайталанған жағдайда жаза одан әрі күшейеді. Барлық деңгейде айыппұл шамамен 2,5 есе артады.

Сонымен қатар жануарларды ұстау орындарында тәртіп және серуендету ережелерін бұзғандарға да айыппұл өседі. Жеке тұлғаларға, лауазымды және заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдар да кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 06 Мамыр, 2026 11:38