Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына 12 қазақстандық боксшы шықты

Индонезия астанасы Джакартада 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың келесі күні жартылай финалдық кездесулер өтті. Рингке Қазақстаннан он бес өкіл шықты, оның 12-сі жеңіске жетті.
Финалға шыққандар:
әйелдер арасында
- 48 келіге дейін – Гүлназ Бөрібаева
- 51 келіге дейін – Анита Адишева
- 57 келіге дейін – Ұлжан Сәрсенбек
- 70 келіге дейін – Азиза Исина
- 75 келіге дейін – Шұғыла Нәлібай
ерлер арасында
- 55 келіге дейін – Бексұлтан Боранбек
- 60 келіге дейін – Нұрасыл Төлебек
- 70 келіге дейін – Нұрбек Мұрсал
- 75 келіге дейін – Аман Қонысбек
- 80 келіге дейін – Өнер Сейілхан
- 85 келіге дейін – Темірлан Мұқатаев
- 90 келіге дейін – Ибрагим Бетаев
Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Аяжан Ермек (60 келіге дейін) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жартылай финалдық кездесулерінде жеңіліп, турнирді қола медальмен аяқтады.
Сонымен қатар Джакартада 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жартылай финалдық кездесулер 13 шілдеде өтеді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”