5 алтын: Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
Қытайда өткен әлем кубогының финалында Қазақстан құрамасы 5 алтын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Санжар Тәшкенбай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловты жеңді. 50 келі салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айбек Оралбай германиялық Никита Путиловты айқын басымдықпен жеңді. 90 келіден жоғары салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылды. Қазақстандық қарсыласынан басым болып, бірауыздан төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алғаны айтылды. Сондай-ақ Абылайхан Жүсіпов 70 келілік финалда, Виктория Графеева 60 келілік санатта алтын медаль алды.
Үшінші орынды Аида Әбікеева (65 келі), Валерия Аксенова (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) иеленді.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы