Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендер бар: Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Қарағандыда екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Жол апаттарының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Жол-көлік оқиғаларының бірі Майқұдықтағы Магнитогорская көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатының нәтижесінде жеңіл көлік қатты зақымданған.

"21 наурызда 47 жастағы автобус жүргізушісі Магнитогорская көшесінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен, сол жерде Mercedes көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобус жолаушысының бірі медициналық көмекке жүгінді", – делінген полиция хабарламасында. 

Екінші жол апаты Қарағандының оңтүстік-шығысындағы Құрылысшылар даңғылында болған. Видеодан жолаушылар автобусының тұрғын үйдің жанында тұрған көліктерге соғылғанын көруге болады. Полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісінің көлік тізгінде отырғанда өзін нашар сезінген. 

"57 жастағы Yutong автобусының жүргізушісі денсаулығының күрт нашарлауына байланысты тоқтап тұрған Chevrolet және Toyota автокөліктеріне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада. 

Талқылау