Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанындамын, жанымда": Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарына тіл қатты

Қайрат пен Жұлдыз
Фото: Instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова жолдасы Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасына алаңдаған оқырмандарына үн қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Instagram парақшасындағы Stories-де бірқатар сурет жүктеп, жазба қалдырды. Оның айтуынша, кейінгі күндері өздеріне қатысты пікірлер мен хаттар көбейген.

“Кейінгі екі күнде мың түрлі пікір жазып, түрлі күй кештірген оқырманыңыздан айналдық. Менің парақшамда пікір жазып, Қайрекені белгілеп жақан жандарға айтарым бар. Жанындамын. Жанымда”, – деп жазды ол.

Қайрат пен Жұлдыз
Фото: Instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдукәрімова бұл суреттерді көпшіліктің алаңын сейілтіп, түрлі болжамға жол бермеу үшін жариялағанын жеткізді.

“Сіздер тыныш болсын, жүректеріңіз ауырмасын, ойларыңыз сан саққа жүгірмесін деп”, – деп жазды ол.

Қайрат пен Жұлдыз
Фото: Instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат тарап, полиция жағдайға пікір білдіргені хабарланған еді.

Желіде 20 жастағы қыз Қайрат Нұртас оны Астанадағы Ritz-Carlton қонақүйінде зорлады деп айыптады. Басқа ақпараттарда қыз бен әншінің арасында жай ғана "жанжал шыққан", содан кейін полиция шақырылған деп айтылады.

Полиция зорлау фактісі расталмағанын айтты.

“Зорлау туралы ақпарат расталмады. 10 шілдеде 102 арнасына 2006 жылғы қыздан қаладағы қонақүйде ер адамның заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түсті. Бұл хабарлама белгіленген заңды рәсімдерге сәйкес тексерілді. Қонақүйдің екі клиенті арасында жеке дау туындағаны алдын ала анықталды, мәселе шешілді”, – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті.

Полиция шағымданушы өз арызын қайтарып алғанын түсіндірді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 17 Шілде, 2026 16:00