Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында әйелдер балалар ойнайтын алаңда төбелесті

әйелдер төбелес
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде балалар ойнайтын алаңда әйелдердің бір-бірімен төбелескен видеосы тарады. Желідегі ақпаратқа сенсек, оқиға 7 қара күні Turan Mall сауда орталығындағы “Балу” балалар алаңында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео авторының айтуынша, қысқа шашты әйел екінші әйелдің баласын қағып өткен. Сөйтіп баланың анасы оның жанына барып, өзінің әрекетін түсіндіруін талап еткен. 

Сондай-ақ автор телефон қуааты таусылғандықтан видеоны соққы жеген әйелге көрсете алмағанын айтқан. 

Видеодан екі әйелдің сөйлесіп тұрғанын, кейін қысқа шашты әйелді екіншісі бірінші болып итергенін көруге болады. Сол сәтте ол оның әрекетіне жауап ретінде жұдырық ала жүгірді.

Болған жағдайда Түркістан облысының полициясы растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжал фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша екі қатысушы арасында жанжал болып, соңында біреуі дене жарақатын алды. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді, оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті жанжалға ұласқан еді. Сахна алдында бірнеше әйелдің ерегісіп, бір-бірін итеріп жатқанын байқаған өнер иесі әнін тоқтатып, егер олар жанжалды доғармаса, концертті бірден аяқтайтынын ескерткен. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Қараша, 2026 14:48