Қайрат Нұртас Атыраудағы қарттар үйіне барып, қариялардың көңілін көтерді
Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртас Атырау қаласындағы қарттар үйіне арнайы барып, ақ жаулықты аналар мен ақ сақалды қарияларға құрмет көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жылы кадрларды әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова бөлісті. Кадрлардан өнер иесі мекеме тұрғындарымен еркін әңгімелесіп, жылы лебізін білдіргені байқалады.
Сондай-ақ әнші қариялардың өтініші бойынша ән шырқап, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сүйікті әншісін көрген қарттар ерекше қуанып, естелік суретке түсіп, ақ батасын берген.
“Ақ Қайроштарыңыз жылда жетімдер үйіндегі балапандардың армандарын орындап қуантумен қатар, қариялар үйіне де барып, көңілдерін көтеріп қайтуды тоқтатқан емес. Бұл жолы Атырау қаласында... Бәрінің де көз жастары алдағы уақытта тек қуаныштан болсын!” – деп жазды ол.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
