Жанболат Мамай қамауға алынды
Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматулла митингке қатысуға адамдарды үгіттегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мамай мен Рахматулла адамдарды заңсыз митингке шақырып, әлеуметтік желілерде үндеу жасағаны үшін ұсталғанын полиция өкілдері атап өтті.
Қарасай аудандық сотының қаулысымен Жанболат Мамайға үш тәулікке, Рахматуллаға 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды.
Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Мұхтар Әблязовтың шақыруына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.
Бас прокуратурада Қазақстанда тыйым салынған "ДВК" экстремистік ұйымының қызметіне кез келген қатысу қылмыстық кодекстің 258 ("экстремистік қызметті қаржыландыру және экстремизмге өзге де жәрдемдесу") және 405 ("экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы сот шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу") баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты