Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін әлемдік рейтингтен шығып қалды
Фото:Topranking
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы BoxRec рейтингінде көшбасшылық орнынан айырылып қана қоймай, тізімнен мүлде шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңартылған рейтингке сәйкес, орта салмақтағы жаңа көшбасшылар Эрисланди Лара, Карлос Адамес және Конор Бенн.
Бұған дейін рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлының тізімнен алынып тасталуына оның допинг дауына ілінуі себеп болды.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 2 желтоқсанда Voluntary Anti-Doping Association (VADA) жүргізген тексеріс барысында оның ағзасынан тыйым салынған зат анықталған.
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласының кім екені белгілі болды
Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниетті болған
Осы жағдайдан кейін World Boxing Organization (WBO) боксшыны 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2026 жылдың соңына дейін уақытша шеттету туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылғанымен, WBO нұсқасы бойынша атағын сақтап қалды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ