Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер зейнетақы қорындағы ақшаны алу халыққа тиімсіз екенін айтты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы жаңа заң жобасына қатысты адвокат Ержан Есімхан пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осы уақытқа дейін Есімханов бұл заң жобасын жүзеге асыру узақ уақытқа созылып кетуі мүмкін екенін айтқан еді. Заңгердің бұл пікіріне мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов жауап берді. 

Ол заң жобасын бірінші оқылымда қарау 4 қарашада мәжілістің жалпы отырысында жоспарланған деп мәлімдеді. Екінші оқылымда мақұлданғаннан кейін оны қараша айының соңына дейін сенатқа жіберу жоспарланып отыр.

"Осылайша, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі тапсырмалары басқа нұсқаулар сияқты уақытында орындалады", - деп жазды Нұртай Сабильянов желідегі парақшасында. 

Бұл арада Ержан Есімханов заң жобасының мазмұнына алаңдаушылық білдірді.

"Жылжымайтын мүлік сатып алуға, ипотекалық несие төлеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы қоры мүмкіндік береді деп ойлап отырмыз. Бірақ бұл заң адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналмаған. Өйткені бұған дейін талқыланбаған екі шектеу енгізілді. Демек, олар уәде етілген жобаны қабылдамайды", - дейді Есімханов. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, егер зейнетақы төлемдерінің мөлшері орташа табыстың кем дегенде 40 пайыз деңгейіндегі ауыстыру коэффициентін қамтамасыз етсе, төлем мүмкін болады.

"Сіз сенім артуға болатын төлем мөлшері сіздің жинақ ақшаңыздың 50 пайызынан аспауы керек. Бұл коэффициенттің қалай есептелетінін, шыны керек, түсініп тұрған жоқпын. Сіздің зейнетақы қорыңызда он миллион теңге бар деп елестетіп көрейік. Менің ойымша, бұл ел халқының көп бөлігі үшін өте үлкен сома. Елу пайыздық ережеге сүйене отырып, сіз он миллионның жартысын ғана аласыз. Ақыры соңында алынатын сомадан сіз мемлекетке қаражат төлейсіз. Оған қоса, алынған мүлікті бес жыл ішінде ешкімге сата алмайсыз", - деп атап өтті Ержан Есімханов.



Есімханов мемлекет тарапынан жасалып отырған бұл көмектің халыққа айтарлықтай пайдасы болмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, зейнетақы қорының жартысын ғана ала алады деген ақылға қонбайтын ереже. 

"Қалған сома тұрғын үй жағдайын жақсартуға жете ме? Жоқ, әрине. Сізде үш-төрт миллион болады, ал бұл ең жақсы жағдайда 30-40 мың доллар тұратын үйдің алғашқы төлемін жасау үшін ғана жеткілікті. Үйге мұқтаж адамдардың шотында 10 млн бар деп айту қисынға келмейді. Ең жақсы дегенде зейнетақы қоры қазақстандықтардың жартысына ғана пайда алып келуі мүмкін. Ал шын мұқтаж адамдар тағы сыртта қалып қалады. 50, 40 пайыз деген көрсеткішті кім ойлап тапқанын білмеймін. Бірақ халыққа пайдалы болсын десек, бұл пайыздарды алып тастау керек", - дейді Ержан Есімханов.

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы қаражатты алу туралы заң жобасы дайындалатынын айтқан болатын. Соған сәйкес, қазақстандықтар қордағы қаражаттарын ипотека жабу, білім алу, тұрғын үй мәселесін реттеу үшін қолдана алады.

 

Талқылау