Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер Айгүл Орынбек: Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық

Қазақстандық заңгер, блогер Айгүл Орынбек желіде дауға айналған қысқа белдемшелі қыз туралы роликке қатысты ойын айтты. 

"Иман шүберекте емес, жүректе! Нәпсіңе ие бола алмасаң сені ешқандай шүберек тоқтата алмайды! Қызды скотчтап қойсаңда, зорлық жасағысы келген еркек жасайды!

Қазақстанда талақ құрбандары өте көп! Алты рет неке қиған, бірінен талақ алып екіншісімен неке қидырып, бір-біріне сыйланып жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық?

Тек киімінде ме? Қолына қару ұстаған адам, адам өлтіре алмауы мүмкін! Қолына қару ұстамай ақ адам өлтіретіндер бар! Киім киіп иманды болып көрініп жүз жігітті суғарып жүргендер бар.
Ашық киініп арына ие болып жүрген қыздар да бар!

Мәселе киімде емес, Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба? Астыртын кімдердің идеологиясын жүргізіп отыр? Қалайша бұндай роликтің шығуына жол берген?

Жастарға не тәрбие беріп жатсыңдар? Ертең кез келген миы уланған жас көшеден көлікке қызды отырғызып алып, осылай қорқытып үркітіп, ұрып соқса ше? Кім жауап береді?

Мұхамеджан Тазабектің өңірлерді аралап, жастарға лекция оқығанынан қорқып едім. Міне нәтижесін беріп жатыр!

Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мына видео роликтің таралуына қалайша жол бердіңіздер?", - деп жазды ол желіде.

Айта кетейік, бұған дейін желіде тараған қысқа белдемшелі қыз туралы ролик желдей есті. Ролик арнайы Шымкент Жастар орталығының тапсырысымен түсірілген. 


Алуа Қонарова: Бәріміз қысқа белдемше кидік және одан жаман болған жоқпыз


 

Талқылау