"Заңбұзушылық орын алмады": Қайрат Нұртастың Алакөлдегі концерті жайлы құзырлы органдар пікір білдірді
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың Алакөлде дүркіретіп өткізген концерті жайлы құзырлы органдар пікір білдірді. Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мұнда заңбұзушылық орын алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ығы-жығы концертке жиналған тыңдармандар түсірілген видеоны әнші өзінің желідегі парақшасына жүктеген. Өз кезегінде бұл қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
Дегенмен, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тексеру жүргізгендерін және концертте карантин талаптар бұзылмағанын алға тартады.
"Бүгінгі күнге дейін Үржар облысы әкімдігінің мониторингтік топтарынан Alazone аренасы қызметіндегі заңбұзушылықтар туралы материалдар, сондай-ақ Алакөл көлінің жағалауында демалушыларынан шағымдары мен өтініштері болған жоқ", – дейді департамент өкілдері.
Олар облыстық санитарлық дәрігердің қаулысына орай концерт залдарында 20% сыйымдылықпен, ал Ashyq қатысушылары 40% сыйымдылықпен іс-шара өткізуге рұқсат берілгенін жеткізді. Ал әншінің ән шашу кеші өткен Alazone демалыс орны Ashyq жүйесінде тіркелген көрінеді.
"Іс-шара ашық аспан астында өткізілгендіктен мұндағы эпидемиологиялық қауіп өте төмен", – дейді эпидемиологтар.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртастың концертіне жиналған көрермен желі оқырмандарының түсінбестігін туғызғаны айтылған еді.