Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алакөлде вирус жоқ па?": Концертке жиналған көрермен желі оқырмандарының түсінбестігін туғызды (видео) 

Хитмен Қайрат Нұртас Алакөл қонақтары үшін концерт қойды. Көрермен толы болған ән кеші аншлагпен өтті. Қайрат Нұртас қатысқан концертте вирус түгілі, ине шаншарға орын болмады, деп хабарлайды Stan.kz.


Қайрат желідегі парақшасында концерттен үзінді жариялады. Видеода әнші өзінің әйгілі "Сұранамын" хитін орындауда. Әнші мен көрерменнің бір-бірін сағынып қалғаны көрініп-ақ тұр.

Дегенмен, концертке жиналған халық желі оқырмандарының түсінбестігін туғызды. Облыстар мен қалалар қызыл аймаққа өтіп, коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқан шақта, халықтың мұнша көп жиналуы концертті сырттай бақылап отырған елді таңдандырды. 

"Алакөлде коронавирус жоқ", "Вирус қайда? Елді жинап, вакцина салдырып жатыр, ал мына жерде вирусқа орын жоқ қо", "Құрбан айтта айт намазын оқуға тыйым салды, ал мынаны қалай түсінуге болады?" "Алакөлге вирус бармаған сияқты. Бір адам маска тағып жүрген жоқ. Автобуста елдер маска тақпай-ақ жүр. Мықты халық екен. Қызыл зонасы қайда бұлардың?”, – деп жазды оқырмандар.


"Жібер ішті": Қайрат Нұртастың жалаңаш денесі қызу талқыға түсті

 

Талқылау