"Жібер ішті": Қайрат Нұртастың жалаңаш денесі қызу талқыға түсті
Алакөлде демалып жүрген Қайрат Нұртас жалаңаш денесінің суретін жариялаймын деп талқыға түсті, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Нұртас бүгін, 22 шілде күні өзге де әріптестерімен бірге Алакөлде концерт қояды. Көрерменін сағынып қалған әнші сахнаға шықпас бұрын бірнеше күн демалуды жөн көрген ұқсайды.
Қайрат соңғы күндері шығыс жағалаудағы демалысының қалай өтіп жатқанын белсенді түрде көрсетуде.
Кеше әнші жалаңаш денесінің суретін жариялады. Желі оқырмандарының бір тобы Қайраттың дене мүсініне қызықса, екіншілері оның ішті тартып тұрғанын байқап, сөз қылды.
"Жібер ішті", "Неге қарныңды тартып қиналып тұрсың?", "Демалма, ішің шығады", "Әжептеуір качок екенсің Қайрош", - деп жазды олар.
Айта кетейік, әнші бұл демалысқа ата-анасымен және әріптесі Нұрболат Абдуллинмен барған.
Бакалавриат 3 жылға қысқарса, Қазақстан студенттерін не күтіп тұр: Ұта ма, ұтыла ма
Үш жылдық форматқа көшу университет шығынын немесе студенттің оқу ақысын автоматты түрде азайтпайды
"Бес құрсақ көтеріп, бәрінен айырылып қалған": 51 жасында ана атанған маңғыстаулықтың жүктілігі қалай өтті
Әйел өмірінде бес рет құрсақ көтерген