Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заң бойынша вакцинаны мәжбүрлі түрде егуге бола ма? Заңгер жауап берді

Қазақстандықтардың көбі вакцина егу науқанына әлі де сенімсіздікпен қарайды. Кейбір адамдар вакцина тиімділігіне сенімсіздік танытса, енді бірі интернеттегі роликтерді көріп шошуда. Міндетті вакцинация олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп есептейді. Шын мәнінде бұл процедура мәжбүрлі ме? Осы сұрақа заңгер жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Заңгер Таир Насханов: “Вакцинация мәжбүрлі емес, заң бойынша вакцина егу ерікті болып саналады”, – дейді.

Карантиннің басқа шаралары адамдардың құқықтарын бұзып жатқан жоқ па, деген сұраққа заңгер бұл процесс керісінше денсаулықты қорғауға негізделетінін айтты.

“Барлық карантиндік шаралар азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған. ҚР Конституциясының 29-бабында айтылған нәрсенің бәрі. Мұның бәрі қоғам аса қауіпті вирус инфекциясынан құтылуға бағытталған. Сондықтан ешқандай құқық бұзушылықтар жоқ”, – дейді Насханов.

Айта кетейік, министрлік, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі –профилактикалық екпелер екенін айтқан еді.

Талқылау