Жалақы мен үстемақы өседі: Қазақстанда кімдердің табысы артады
Қазақстанда мұрағат ісі мен ветеринария саласының мамандары еңбек жағдайына байланысты жаңа қосымша төлемдер мен үстемақылар ала бастады. Тиісті үкімет қаулысы күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес, жаңа нормалар 2026 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енді. Өзгерістер бірнеше бағытты қамтиды:
- Еңбек жағдайына байланысты қосымша төлемдер: Енді ветеринария және мұрағат ісі саласының мамандары заңнамада көзделген үстемақыларды ресми түрде алуға құқылы.
- Ауылдағы мамандарды қолдау: Ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға жергілікті мәслихаттардың шешімімен лауазымдық жалақысына кемінде 25 пайыз көлемінде үстемеақы белгіленеді.
Құжатта орта мерзімді кезеңге арналған өзгерістер де қарастырылған. Атап айтқанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлерге қосымша арттыру коэффициенті енгізіледі. Соның нәтижесінде олардың лауазымдық жалақысы 1,75 есе өседі.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
