Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Залал – 100 миллион теңге: Ақтөбеде емші келушілерге несие алғызған

Ақтөбеде дәстүрлі емес еммен айналысатын әйел 30 шақты келушіге түрлі сылтаумен несие алғызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: myprofession.kz

Ақтөбе облысының полиция департаменті емшінің үстінен “Аса ірі көлемде алаяқтық жасау” дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.

Іс бойынша 30-ға жуық жәбірленуші бар. Күдікті оларға сырқат баласын емдетуге, мешіт құрылысына, жаңа массаж кабинетін ашуға қажет деген түрлі сылтаулар айтып, түрлі банктерден 1 миллионнан 18 миллионға теңгеге дейін несиелер рәсімдеткен. Әйелдің үйіне емделуге келушілер оның айтқанына сеніп, өз аттарына онлайн несиелер рәсімдеген. Ақшаны олар емшінің есепшотына аударған. Күдікті несиелерді өзі төлеуге міндеттенгенімен, кейін уәдесінде тұрмаған.

“Қазіргі уақытта залал көлемі 100 миллион теңгеге жуықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша басқа да жәбірленушілердің болуы және күдіктінің ақшаны қандай мақсаттарға жұмсағаны да анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде атыраулық емшінің кәмелет жасқа толмаған балаға “жын шығару” рәсімін өткізіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.

Талқылау