Закіржан Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау нәтижесі бойынша Закіржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген.
Сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты. Дауыс берушілер қатарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындаған еді. Ал Майя Бекбаева мен Зәкіржан Кузиев ҚХА басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық