Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ералы Тоғжанов: 490 мыңға жуық қазақстандық кедейлік шегінің ең төмен деңгейінде өмір сүреді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан қазақстандықтар санының 1 миллион емес,  490 мыңға жуық екенін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің басты шешімі жаңа жұмыс орындарын ашу екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шындығында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың саны1 миллион емес, 500 мың болса керек, шамамен 490 мың", - деді Тоғжанов.

Оның айтуынша бастысы жаңа жұмыс орындарын ашу. Осыған орай кемінде 2 миллион жұмыс орыны ашылуы тиіс.

“Әрине қысқарып жатқан жұмыс орындары жоқ емес. Биыл ТШО-дағы олардың саны 49 мыңды құрайды. Құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша: жол құрылысы болсын кез келген нысан құрылысының басы мен соңы бар. Тіпті ТШО сияқты ірі жобаның да соңы бар”,-деп түсіндірді вице-премьер.

"Тұрақты жұмыс орындары болашақта шағын және орта бизнесті құруға мүмкіндік береді", - деп қосты Тоғжанов.

Нақты шаралар арқылы тікелей кірістер кіреді.  Мәселен жекелеген компанияларда инфляцияны ескере отырып, жалақының өсуі сияқты. Оның айтуынша қазір көптеген шаралар қолға алынған.

Талқылау