Zaimer.kz сайтында жеке деректердің тарап кетуі: Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі микрокредит ұйымының кесірінен жеке деректердің таралып кетуі туралы хабарлама алған қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға шақырды.
"Егер сіз жеке деректеріңіздің тарағаны туралы хабарлама алсаңыз және сіз "Займер" микроқаржы ұйымының клиенті болмасаңыз, жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, жағдайды одан әрі нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет", – деді министрлік өкілі Альбина Атен.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік техникалық қызмет мамандары zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың жеке деректері жарияланып кеткенін анықтағаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"