Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тапанша

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 4 тамызда 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатын алған үш адам жеткізілген. Алайда жансақтау бөліміне жеткізілген соң жарақат алғандардың бірі көз жұмған. 

"Полиция аталған дерек бойынша мән-жайды анықтау және қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстау бойынша барлық шараларды қабылдады. Іздеу шаралары кезінде полицияның жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды", – делінген хабарламада. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындар арасында атыс болған. Қазір жанжалға қатысқандардың жеке тұлғасы анықталған, оларды қолға түсіру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр. 

Талқылау