Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыста ұйқыңыз қанық болу үшін не істеу керек – Маман кеңес берді

Күйбең тірлік пен уақыттың тығыздығынан ұйқысы бұзылып, демалуға уақыт таппай жататындар көп. Невролог дәрігер Андрей Чурилов қанық ұйқы мен сергек жүрудің 5 құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Доктор Питер” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Невролог дәрігердің айтуынша, адамдар әсіресе, қыс мезгілінде қалжырап, ұйқысы қанбай, жұмысқа зейін қоя алмай әлсіреп жүреді. Ұйқының бұзылуы күйзеліске қана емес, жүрек-қан тамырлары мен неврологиялық ауруларға әкеліп соғады. 

Маман қанық ұйқы мен сергектіктің 5 құпиясын айтты.

  1. Күн тәртібін қатаң сақтаңыз. Ұйқыға жатар уақытты белгілеп, әр кез сол уақытта ұйықтауға тырысыңыз. Сонда ағза өздігімен ұйқыға дайындалып, бір уақытқа бейімделеді. Әдетте, жақсы әдеттер үш күнде қалыптасып үлгереді. Ол үшін күн тәртібін қатаң сақтау керек. 
  2. Спортпен айналысып, ұйқыға жатардан кемінде 2 сағат бұрын тамақтанғаныңыз жөн. Ауыр кешкі ас, белсенді ойындар, жұмыс, теледидар, компьютер немесе телефон алдында көп уақыт өткізу дененің босаңсып демалуына және тыныш ұйықтауға кедергі келтіреді. Керісінше, ұйқыға жатар алдында далада серуендеп, кітап оқып, ванна қабылдаңыз. Аталғандар ұйқыңыздың қанық болуына септігін тигізеді. 
  3. Су процедуралары жақсы ұйқыға көмектеседі. Су адам ағзасын босаңсытып, тыныштандыра алатын қасиетке ие. Жылы ванна қабылдаңыз. Суға лаванда, түймедақ немесе жалбыз қосылған тұз салсаңыз әсері тіпті керемет болмақ. Керісінше, салқын душ қабылдап, цитрустық гель қолдансаңыз ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмайтыныңыз анық. 
  4. Үй температурасын сақтаңыз. Егер үйіңіз жылытқыш есебінен қатты ыстық болса ұйқыға жатар алдында бөлмені желдетіп алғаныңыз жөн. Сондай-ақ өзіңіздің де таза ауада серуендеп келуіңізге әбден болады. 
  5. Төсек-орынды дұрыс таңдаған жөн. Төсек-орын, көрпе-жастықтың сапалы болуы маңызды рөл ойнайды. Матрастың қаттылығы орташа, ал жастық адам ұйықтап жатқанда бас пен мойын омыртқасын жайлы ұстап тұру керек. Төсек жапқыштар сапалы матадан жасалғаны абзал. 

Бұған дейін диетолог қыс мезгілінде сергек жүрудің құпиясымен бөліскен еді.

Талқылау