"Ұйқы жоқ болды": Димаштың қызбен құшақтасқан суреті тыңдармандарын шулатты
Димаштың танымал сазгердің қызымен түскен суреті желіні шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күні кеше Димаш Құдайберген ата-анасымен бірге сазгер Игорь Крутойдың туған күніне шақырту алған болатын. Кейін әнші аталған кеште түсірілген суреттер мен видеоларды желідегі парақшасында бөлісті. Осы суреттердің арасында әншінің Игорь Крутойдың қызы Виктория Крутаямен түскен суреті болды.
Желі қолданушылары өз кезегінде суретті көріп қатты қызғанып қалғанын жарыса жазып жатыр.
«Бүгін түнде диарстар жаппай қырылатын сияқты. Бұл нағыз қатыгездік. Қыздарды аяймын», «Бізді мазақ қылғаны ма? Қайдағы қайырлы түн?!», «Славян базары» байқауы кезінде берген сұхбатыңызда сіз алкогольді ешқандай күйде тұтынбайтыныңызды айттыңыз.
Сондай-ақ, қазақ жастарының бойын алкогольден аулақ салуға тырысатынын бөлістіңіз. Сол себепті алдыңыздағы бокал сіздікі емес деп үміттенемін», «Димаштың қасына жақындама», «Мына жерге мен де барғым келіп тұрғаны», «Бұл кім өзі?», «Менің қызғанып тұрғанымды қарашы» деп жазды желі қоданушылары.
Мұнымен қатар, желідегілердің арасында тыңдармандарды сабырға шақырғандар болды. Айтуларынша, Виктория Крутая тұрмыста, бір баласы бар. Яғни екеуінің арасында ғашықтық сезімі жоқ.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
