Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйғыр дәстүрі бойынша: "Алматы аруы" Сабина Әзімбаева күйеуге тиді

"Алматы аруы" титулының иегері Сабина Әзімбаева тұрмысқа шықты. Ол ең бақытты күнінің суреттерімен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы аруы " 2017 және "Ғалам аруы" 2018 байқауының жеңімпазы Сабина Әзімбаева күйеуге тиді. Жас жұбайлар үйлену тойын ұйғыр халқының дәстүріне сай тойлады. Қалыңдық пен күйеу жүгіт еуропалық үлгіде тігілген киімдерді киді. 

Сонымен қатар, ерлі зайыптылар мәңгі бірге болу үшін ислам діні бойынша неке қиды. 

"Біздің никях — ислам діні бойынша некеге тұру рәсімі өтті. Біз бұл сәтті өте ұзақ күттік, қазір біз нағыз "әйел" мен "күйеуміз", — деді ол. "Екінші" тойда ерлі-зайыптылар ханзада мен ханшайымның киімін киіп, көпшілікті таңғалдырды. Қалыңдықтың басында тәж болды. 

"Менің қымбаттыларым! Құттықтауларыңызға үлкен рахмет. Бұл менің өмірімдегі ең керемет күн! Қолымнан келсе, осы күнді қайта-қайта артқа айналдырып, бір күндік өмірмен өмір сүре беретін едім", — деп жазды Сабина Instagram желісіндегі парақшасында. 
 

Әзімбаеваның жолдасы өзінің түрін жасырмаса да, ол жайында әзірге ақпарат жоқ. Жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты екеуінің жүріп жүргеніне бір жыл толмай жатып, маусым айының басында жасады. Әзімбаеваның айтуы бойынша, олар 2018 жылдың 1 қыркүйегінде қыз бен жігіт ретінде жүре бастады.

Талқылау