"Ұят, масқара": Баян Алагөзова Қуандық Шәкіржановпен тағы да сүйісті
Баян Алагөзова тағы да ел назарына ілікті. Атышулы продюсердің кинодағы әріптесі Қуандық Шәкіржановпен сүйіскен видеосы тарады. Бұл – Баян Мақсатқызының актермен жақындасқан екінші бейнежазбасы, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қос өнер иесінің сүйіскен видеосы желіні шулатқан еді. Хайп жасауда алдына жан салмайтын продюсер мақсатына жетсе керек, ол әрекетін тағы да қайталауға бел буыпты. Алайда жасы 50-ге таяған әрі тұрмыстағы продюсердің бұл әрекетін көпшілік құптамай отыр.
"Ойбай, Қуандық ағау, қартайғанда осындай рөл бұйырған ба", "Ұят-ай, масқара, ұл қыздары, келіншегі бар шығар", "Үлкен кісіге біртүрлі екен", "Ол еркекті ақыры ажырастырып тынбаса болыпты", "Ақша үшін не істемейді адам", "Қандай жиіркенішті", "Ұят жоқ", - деп сынады желі қолданушылары.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"