AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 жасқа дейін тұрмысқа шықпаңдар": Құралай Анарбекова аруларға кеңес берді

"30 жасқа дейін тұрмысқа шықпаңдар!" Актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова аруларға осылай деп кеңес берді. Киногердің айтуынша, әрбір бойжеткен отбасын құрғанға дейін жоғары білім алып, саяхаттап, арман-мақсаттарына жетіп үлгеру керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қызым болса, 30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім. Менің сөзім мүмкін біреуге бұрыс болып көрінер, бірақ менің пікірімше, қыз бала жоғары білім алғаннан бөлек, ақша табуды үйреніп, саяхаттап, мақсаттары мен армандарының бір бөлігін жүзеге асырып, өмірлік тәжірибе жинап барып қана отбасын құруы керек", –  дейді Құралай. 

Ол есті, толыққанды қыздарды ұнататынын атап өтті. 

"Ғашықтық аяқталып, құштарлық басылуы мүмкін. Сондықтан бұл "ұшқындардың" артында қыздың амбициялары, дұрыс құндылықтары мен ақылы болғаны дұрыс. Сіздер не ойлайсыздар?" – деді Анарбекова.

Алайда Instagram оқырмандары Құралаймен келіспеді. 

"Баланы ертерек туу керек, әйтпесе қолдаймын", "Отбасын ер адам құрады. Ол барлық жағынан қолдап, қамтамасыз етуі керек. Ертерек үйленіп, жетістіктерге бірге жетуге болады. Аса күрделі проблема жоқ. Ер де, қыз да есті болу керек", "Қыздар 30 жасқа дейін тұрмыста болуы керек. 30-дан кейін толыққанды қыздарға толыққанды еркек керек. 30-дан кейін қатты таңдайтын болады, ал 40 жаста біреуге қызмет еткісі де, оның ыңғайына жығылғысы да келмейді. Одан бөлек, 30-дан кейін бала көтеріп, туу қиындау болады. Тұрмысқа шығып, бірге дамуға да болады", "Әркімде әртүрлі. Әйелі мен ері бірге дамитын жағдайлар да кездеседі. Бірақ толыққанды әйел зорлық-зомбылыққа көндігіп жүре бермейтін шығар", – деп жазды оқырмандар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр