"Ұстаздар күні секілді": Назарбаев күні өзге кәсіби мерекелермен бірге бір тізімге енгізілді
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 28 қарашадағы қаулысына сәйкес, 1 желтоқсанда атап өтілетін ҚР Тұңғыш президенті күні өзге кәсіби мерекелермен бірге бір тізімге енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, құжатта Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі мынадай мазмұндағы қатармен толықтырылды деп көрсетілген:
44-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі заң бойынша Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және енді демалыс күні болып саналмайды. Ал енді бұл күн кәсіби мерекелермен бір қатарда тұр.
- "Назарбаевты құдіретке айналдыру амалынан туған жасанды мереке": Қазақстанда 1 желтоқсан — тұңғыш президент күні қалай тойланатын еді?
- "Шалдың жүйесін өзгерту керек": Мәжіліс депутаты Назарбаевтың отбасы мен жақындарын сынға алды
"Бірақ таяудағы үкімет қаулысымен бұл мерекелік дата өзге кәсіби мерекелермен теңестірілді. Ұстаздар күні деген секілді, тек Елбасы күні деп аталады", - деп жазады "За нами уже выехали" Telegram-арнасы.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев – 1991 жылғы 16 желтоқсан – 2019 жылғы 20 наурыз аралығындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту