AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұсыныс болды": Баян Мақсатқызы шоу-бизнестегі жезөкшелік жайлы айтты

Баян Алагөзова шоу-бизнес пен ол туралы айтылатын қауесеттерге тоқталды. Продюсер көпшілік шатастыратын жезөкшелік лас қызметтің шоу-бизнеске қатысы жоқ деп ақтады. Одан бөлек, өзінің авторлық фильміне тоқталды. 

Бұл туралы Мискузи Боул арнасында айтылды.

Баян Мақсатқызы “Кеш you” тобы жайлы айта келе оның жезөкшелікке еш қатысы жоқ дейді. Бұл сыртта жүрген адамдардың қауесеті деп ашық айтты. 

“Шоу-бизнестегі жезөкшелік деген сөзді мен түсінбеймін де. Бұндай бар ма өзі? Мен білмейді екенмін. “Кеш you” тобының бұған қатысы жоқ. Бір рет сондай ұсыныс болды. Бірақ, әрине, бас тарттық. Егер сондай жолмен ақша табатын болсақ, бұл қазір бәріне белгілі болар еді. Себебі мен танымал адаммын. Менің әр әрекетімді жасыру мүмкін емес. Қыздар жабық кештерге барды. Онсыз болмайды. Бірақ ол лас нәрсеге барды деген сөз емес. Олардың қасында адамдары, директоры, көліктері бар. Бұл мүмкін емес нәрсе”, – деді продюсер.

Айтуынша, топта үнемі бір қыз белсенді болатыны заңдылық. Мәселен, Жанар Дұғалова Кәмшат пен Айданадан қай жағынан да мықты екені талассыз дейді продюсер. 

“Бір топта әрдайым біреуі озық болады. Ол дауыс жағынан да, басқа жағынан да алда тұрады. Оны көрермен сезеді. Себебі ол әншінің харизмасы ерекше болады. Жанардың топта Кәмшат пен Айданадан ерекшеленіп тұрғаны сондықтан. Оны мен әдейі солай жасаған жоқпын. Ол – заңдылық. Бір топта міндетті түрде бір лидер болады. Даусы жақсы бір әнші болады. Бұрын солай болған. Ал қазіргі топта бәрі бірдей”, – деді ол. 

Продюсер өзінің авторлық киносы жайлы ойын қосты. 

“Мен не үшін тірі қалдым деген сұрақ жиі мазалады. Сосын дәл осы проблеманы көтеру керек шығармын деп ойладым. Ойланбастан бұл жайлы Асқар Ұзабаевқа айттым. Ол да келісті. Мен әйелдер проблемасын көтергім келді. Бұл киноны түсіруде Асқар Ұзабаевқа сенім арттым. Бұл проблеманы халықаралық деңгейде көтергім келді”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Айта кетейік, Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын 2016 жылдан бері көтеріп келеді. Сол жылы продюсер экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың соққысына жығылған болатын. Әйеліне пышақ жарақатын салған Есентаев соттың шешемімен 9 жылға сотталған еді. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр