Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының бір бөлігі жұлынып кетті (видео)

5 қаңтарда Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі жұлынып кеткен. Ұшақ Портленд әуежайына оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Oregonian порталына сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан жолаушылар орындығының жанындағы саңылауды көруге болады.

Фюзеляждың есігі бар бөлігі ұшып шыққан соң шамамен 20 минуттан кейін жұлынып кетті, дейді жолаушылардың бірі басылымға. Есікке жақын жерде ешкім болмаған. Тек көрші орында жасөспірім отырған. Ауа ағыны салдарынан оның көйлегі жыртылып кеткен. Сонымен қатар декомпрессия салдарынан жарақат алған. 

Alaska Airlines Forced to Make an Emergency Landing After Large Aircraft Window Blows Out Mid-Air.

The situation was so bad a child’s shirt was ripped off. pic.twitter.com/y4yMA12Iq0

Жолаушылардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Ұшақта барлығы 170-тен астам жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. 

Апаттың себептері әлі белгісіз. 

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі болған оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады.

 

Талқылау