Ұшақта дәретхана есігін апаттық есікпен шатастырып ашып жіберген әйелге 13 миллион теңге айыппұл салынбақ
Қытайда Air China рейсінде алғаш рет ұшақпен ұшқан әйел дәретхана есігін іздеп шатастырып кездейсоқ апаттық есікті ашып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушының әрекетін жолсеріктердің ешқайсысы байқамаған.
Әйел есікті дұрыс ашпағанын апаттық баспалдақ ашылған кезде түсінген.
Бұл кезде ұшақ ұшу-қону жолағында тұрғандықтан үлкен қатердің алды алынған.
Оқиғадан кейін рейсті тоқтатып, ұшақты техникалық қызмет көрсетуге жіберуге тура келген.
Енді есікті шатастырып ашқан әйелге үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Ол 22 мың фунт стерлингке дейін (13 миллион теңгеден астам) төлейді және әкімшілік қамауға алынбақ.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту