Ұшақ апаты түсірілген тағы бір видео табылды
Желіде Bek Air авиакомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының құлағаны түсірілген тағы бір видео тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бейнежазба Youtube желісінде жарияланды. Бұл видео бейнебақлау камерасына түсірілген көрінеді.
Видеода бетон қоршау, қар жамылған жол мен көше шамдары көрінеді. Бірнеше минуттан кейін ұшақ байқалады. Ол қоршауды барып соғады.
Естеріңізге салайық, ұшақ апаты 27 желтоқсан күні болған еді. Алматы-Нұр-Сқлтан бағытында ұшқан әуе борты жаңадан салнып жатқан үйдің үстіне барып құлаған. Ұшақтың ішінде экипаж мүшелері мен жолаушыларды қосқанда 98 адам болыпты. Оқиғаның салдарынан 12 адам көз жұмған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар