"Ұрып-соғып, жертөлеге қамап қойған": Ақтөбеде тұрғындардан ақша бопсалап жүрген күдіктілер ұсталды
Ақтөбеде тұрғындардан ақша бопсалап жүрген күдіктілер ұсталды. Олар әлі жеткенін ұрып-соғып, жиған-тергенін қағып алып жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Қос қарақшының қылығынан тәртіп сақшыларының өзі шошынып отыр. 29 бен 30 жастағы күдікті Ақтөбенің екі тұрғынына күш көрсетіп ұрып-соққан. Оларды көпқабатты үйдің жертөлесіне қол-аяғын байлап қамап қойыпты. Еркіндікке шығуына 1 миллион 700 мың теңге алған. Бірер күн өткен соң қамауда ұстаған екеуге хабарласып, тағы бір жарым миллион теңге жеткізуін талап етеді.
Күдіктілер 400 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Қазір екеуі де қамауда отыр. Осы қылмысы үшін олар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"