Ұрып-соғып, балағаттаған: Желіде Ақтауда полицейлердің ер адамды зорлықпен ұстағаны түсірілген видео тарады (видео)
Ақтауда полиция қызметкерлерінің ер адамды зорлықпен ұстағаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
Оқиға 29 маусымда 27-ші шағын ауданда, №43 үйдің маңында болғаны хабарланды.
Кадрлардан тәртіп сақшыларының бірі ер адамды ұстап тұрғанда, екіншісі оның басынан қол-аяғымен ұрып-соғып жатқанын байқауға болады.
Екі жыл бұрын бастығын жеті жылға соттаған "ең адал полицей" капитан шенінен айырылды
Бір мезгілде екі тәртіп сақшысы да жан-жағына қарайды. Көп ұзамай кадрда тағы екі полицей пайда болып, төртеуі ер адамды көтеріп, қолын арқасына бұрап үлгереді. Ұстау кезінде тәртіп сақшыларынан балағат сөздер естілді.
Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Қорытындысы бойынша шешім қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде баланың өмірін сақтап қалған қазақстандық полицейді Антикор ұстағаны туралы жазған едік.