Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрандары әрекеттеріне сәйкес келмейді": Қазақстанда ЛГБТ насихатына қарсы петиция талқыланып жатыр

Астанада ЛГБТ насихатына қарсы петицияны талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысы басталды. Жұмыс тобына қатысушылар өз көзқарасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жұмыс тобының отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері, сондай-ақ петиция авторы Бағила Балтабаева қатысып жатыр.

“Петицияның тез арада көп дауыс жинауы өте үлкен көрсеткіш. 2016 жылы 5-6 әйел ұйымдастырған ЛГБТ ұйымдарының саны 2020 жылы 5 мың адамға артты. Егер олар шынымен де әйелдер мен балалардың құқығын көтерсе игі еді. Алайда олардың митингілерде көтерген ұрандары әрекеттеріне сәйкес келмейді”, – деді Бағила Балтабаева.

Мәжіліс депутаттары Дәулет Мұқаев пен Ринат Зайытов өз ойларын ортаға салды. Олардың екеуі де ЛГБТ насихатына тыйым салуды қолдайды. Оның үстіне Ринат Зайытов ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салу керек деп есептейді.



“Біз петицияның бастамашыларының жағындамыз, өйткені мен мәжіліске кірер алдында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу керектігі туралы айтқан едім”, – деді Ринат Зайытов.

Еске салайық, 29 мамырда ePetition порталында жарияланған ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петиция екі аптадан аз уақытта қажет 50 мыңнан астам қол жинағанын жаздық.

Талқылау