Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығы бакалавриатқа оқуға түсуге қажет шекті балды жариялады

2024 жылы "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото instagram.com/ruslan_yemelbayev

Ұлттық тестілеу орталығы бакалавриатта білім алу үші үміткер жинауға тиіс шекті балл мөлшерін жария етті. Орталықтың мәліметінше, биыл тек "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, кемінде 50 балл болды. 

Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейінде өзгеріс жоқ. Атап айтқанда:

  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" – кемінде 75 балл
  • "Денсаулық сақтау" білім беру саласына – кемінде 70 балл.

Сондай-ақ ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО – кемінде 50 балл. "Қазақстан тарихы" және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – 5 балл, "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" бойынша шекті балл – 3 балл.

Инфографика: Ұлттық тестілеу орталығы



Қысқартылған ҰБТ тапсыратын колледж түлектері үшін шекті балл – 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауға тиіс. Ұлттық тестілеу орталығы бұл ретте әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейтінін ескертеді. 

Еске салайық, 16 мамырда ғылым және жоғары білім министрлігі биыл мектеп бітіретін оқушылар ЖОО-ға түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуден қанша бал жинау керек екенін жазған едік. Министрлік жоғары білім беру бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған гранттардың тізімін жариялады. Биыл жоғары оқу орындарында оқуға 112 мың грант бөлінген. Соның ішінде бакалавриатқа түсу үшін 79 мың, магистратураға 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900-ден астам грант бөлінді.

Талқылау