Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық тағамдарды жасайды: Алматылық зейнеткер YouTube жұлдызына айналды

Алматылық зейнеткер Гүлдана Жұмашева танымал фуд-блогерге айналды. Үш жыл бұрын бұрынғы мұғалім YouTube-те қазақ тағамдарының өзіндік рецепттерін жариялай бастаған. Осы уақыт ішінде 250 видео жүктеген және оның арнасына әлемнің түкпір-түкпірінен 140 мыңнан астам қолданушы жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зейнеткер "Хабар-24" телеарнасының журналистерімен нарын тағамының жаңа жылдық рецептімен бөлісті. Бұл түркі халықтарының ежелгі мерекелік тағамы.

Гүлдана апай тағамды дәмдеуіштер мен шөптерсіз дайындайды. Блогер олар нарынның нағыз дәмін өзгертеді деп есептейді. Аспаз тек жылқы етін пайдаланады. Қамыр тек қолмен иленеді. Ең бастысы, ет пен қамырды өте жұқа кесіледі. Содан кейін оларды үлкен ыдысқа араластырады. Мұның бәрі хош иісті сорпаға құйылады.

"Мен ата-бабаларымыздың бірегей рецептерін сақтап, жастарға беруге тырысамын. Әрине, мен оларға өз жаңалықтарымды енгізе аламын, қазіргі тілмен айтқанда лайфхак қолданамын. Бірақ түбегейлі өзгертпеймін. Қазіргі заманғы үй шаруасындағы әйелдердің біздің тарихымызды біліп, әрі қарай балаларына жеткізгенін қалаймын. Сондықтан YouTube арнамды аштым", - дейді Гүлдана Жұмашева.

"Комментаторлардың барлығы дерлік менің рецепттерім туралы оң пікір жазады. Бұл мені жаңа бейнероликтер түсіруге ынталандырады", - деп атап өтті Алматы тұрғыны.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр