Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда Ұлытау облысында өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді. Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді", – деді ол
Ерлан Қариннің айтуынша Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен қоғам арасындағы көпір ретінде қызмет ететін Ұлттық құрылтай құруды ұсынған еді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда