Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Президенттің өкімімен Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.



Әли Алтынбаев 2001 жылдан 2020 жылға дейін Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 

2020-2021 жылдар аралығында Қаржы мониторингі агенттігінің экономикалық тергеу бөлімінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 

2021-2022 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

2022 жылдың маусымынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ол 2022 жылы президент жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағын алған.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы қызметіне жаңа басшы тағайындаған еді. 

Талқылау