Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің қайда екенін мәлімдеді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін ведомствоның бірінші орынбасары Самат Әбіштің қазіргі таңда қайда екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы демалысында", – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін БАҚ-та Самат Әбіштің қызметінен босатылып, қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған.
43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етеді. Генерал-лейтенант шені бар.
- Алматылықтар Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады
- Әскерилерді шығарып үлгеріп, өзі қаза тапқан: Алматыда подполковник Хаировпен қоштасу рәсімі өтті
Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны белгілі болды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр