"Мемлекетке опасыздық жасаған": Кәрім Мәсімовтің екі орынбасары ұсталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К. Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Тергеу жалғасуда.
Айта кетері, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған