Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: Мемлекет бизнесті арзан несиеге үйретпеуі керек

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов субсидиялау қаржы-несие саясатына әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекеттік бағдарламалар арқылы экономиканы бір қалыпқа келтіру қолдау механизімін қайта қарауды талап етеді. Өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған бағдарламалар тоқатылуы шарт", - дейді төрағаның орынбасары. 

Мемлекеттік қолдау жаңадан құрылған компанияларға жасалуы керек. Бірақ қолжетімі несие алуға арналған құралға айналмауы шарт. 


Ол қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағытталғанын айтты. 2015-2019 жылдары экономиканы субсидиялау арқылы дамыту мен қолдаудың түрлі бағдарламалары аясында 4,3 трлн теңгеге келісімшарттар несиеленді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Мұндай механизм несиелік нарықтағы ресурстардың әділ құнын анықтауды бұрмалайды, пайыздық мөлшерлеме мен несиелік арналардың тиімділігін төмендетеді және банк жүйесінде өтімділіктің профициті түрінде есеп айырысады", - деді Баймағамбетов.

Ақша нарығындағы өтімділіктің профициті, сонымен қатар, циклдік бюджеттік саясат пен долларсыздандыру үдерісіне байланысты. 

Еске салсақ, осыған дейін кәсіпкерлердің несиесінің пайыздық үстемесі кешірілетіні туралы белгілі болған. 

Талқылау